Қазақ тілі пәні: «Омонимдер» тақырыбын Блум таксономиясы негізінде оқыту тәжірибесі
Қазіргі білім беру жүйесінің негізгі бағыты – оқушыны дайын білімді қабылдаушы ғана емес, оны ізденіс арқылы меңгеретін, ойлай алатын, талдай білетін тұлға ретінде қалыптастыру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану – уақыт талабы. Соның бірі – Блум таксономиясы негізінде ұйымдастырылған сабақ жүйесі. Бұл тәсіл оқушының танымдық қабілетін сатылы түрде дамытып, білімді терең меңгеруіне мүмкіндік береді.
Осы бағытта «Омонимдер» тақырыбы бойынша өткізілген сабақ – тілдік білімді меңгертумен қатар, оқушылардың ойлау, салыстыру, талдау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған мазмұнды сабақ үлгісі болып табылады.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға омоним сөздер туралы жан-жақты түсінік беру, олардың мағыналық ерекшеліктерін ажыратуға...