Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда ҰБТ-ны қайта тапсыруға тыйым салынбақ

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыруға тыйым салынады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Tengri Education Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балаеваның айтуынша, ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыру жүйесі талапкерлерді сапалы іріктеу мәселесін толық шешпейді. Осыған байланысты тестілеуді тұтастай жаңғыртып, оны бір рет тапсыратындай етіп бекіту қажет. "Бұл грант конкурсына қатысу үшін объективті әрі ең басты баға ретінде қарастырылуы тиіс".

"Бұл ретте білім деңгейін өзін-өзі бағалау және дайындық әдістерін уақытылы түзету үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады", - делінген мәлімдемеде.

Министр ҰБТ жүйесін өзгертуді тестілеуден бас тарту емес, "дарынды талапкерлерді анықтауға, әділ іріктеуге бағытталған маңызды қадам" деп атады.
Мән-жайы
Бұған дейін Қазақстанда шетелде мойындалатын және ҰБТ-ға балама болатын жаңа ұлттық тест әзірленіп жатқаны туралы жазған болатынбыз. Жоба құны шамамен 3 миллион доллар.
Сонымен қатар 2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады: тест бұрынғыдай 120 тапсырмадан тұрады, ең жоғары балл 140, тестілеу уақыты 4 сағат.
Өзгерістерді талапкерлерге қосымша жүктеме түсірмей, кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған. Осылайша олар білімін ғана емес, оны оқу мен жұмыста қолдануға дайын екенін де көрсете алады.
Еске сала кетейік, 11 сәуірде Қазақстанда ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Емтиханға тіркелу 25 сәуірге дейін жалғасады. Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus