Қазіргі жаһандану дәуірі
Бүгінгі таңда адамзат жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл – ғылым мен технология қарқынды дамып, білім мен бәсекеге қабілеттілік алдыңғы орынға шыққан жаһандану дәуірі. Осындай заманда білім беру жүйесіне қойылатын талаптар да күн санап артып келеді. Себебі елдің болашағы – білімді, саналы, жан-жақты дамыған ұрпақтың қолында.
Қазіргі білім беру жүйесі ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әлемдік деңгейдегі озық тәжірибелермен ұштасуда. Педагогика ғылымында баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологиялар кеңінен қолданылып келеді. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – білім сапасын арттырып, жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеу.
Отандық және шетелдік ғалымдардың тәжірибелері сараланып, тиімді үлгілері білім беру үдерісіне...