ҒАЛЫМҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
2026 жылғы 16 сәуірде Есенов университетінде қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі, педагогика ғылымдарының кандидаты Қаныгүл Жаманбаева есімі берілген оқу аудиториясының салтанатты ашылуы өтті. Тағылымы мол шараға өңір зиялылары, университет ұжымы, ғалымның туыстары мен замандастары, студент жастармен қатар, облыс бойынша мектеп мұғалімдері де қатысты.
Іс-шара университет фойесінде қатысушыларды тіркеуден өткізіп, қонақтарға дәм ұсынумен басталды. Одан кейін Қаныгүл Жаманбаева атындағы арнайы дәрісхананың ашылу рәсімі ұйымдастырылып, көпшілік жаңа аудиторияның мүмкіндіктерімен танысты.
Салтанатты бөлімнен кейін конференц-залда пленарлық отырыс өтті. Жиынды филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрдәулетова Бибайша Ілиясқызы жүргізді. Конференцияны университет президенті Берік Ахметов ашып, ғалымның ғылым мен білім саласына қосқан үлесіне жоғары баға берді....