БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ – РУХАНИ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ
Мен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тураева Дина Абдрашовна, 2026 жылғы 16 сәуірде Ұлттық кітап күніне орай «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» тақырыбында 7-сыныптың орыс тілді оқушылары арасында «Әдебиет білгірлері» атты сайыс-сабақ өткіздім.
Бұл ашық сабақтың басты мақсаты – орыс тілді оқушылардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, балалар әдебиеті арқылы ұлттық құндылықтарды таныту, мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастыру және оқушылардың тілдік, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Іс-шараға сынып оқушылары белсенді қатысып, бірнеше топқа бөлініп, өзара білім сайысына түсті. Сабақ құрылымын алдын ала жүйелеп, әр кезеңді оқушылардың жас ерекшелігі мен тілдік деңгейіне сай ұйымдастыруға тырыстым. Әр кезең оқушылардың тек...