Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда жаңа партия құрылатыны жарияланды

Бастамашыл топ Қазақстанда "Әділет" атты жаңа саяси партия құрылатыны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәлімдемеге сәйкес, жаңа партия прогрессивті реформаларды, Әділетті Қазақстан құру идеясын қолдайды, заң үстемдігін нығайту мен шешім қабылдау процесіне азаматтардың қатысуын кеңейтуді көздейді. Жаңа Конституция қағидаттары мен ел құндылықтары негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау негізгі мақсат пен міндет ретінде көрсетілген.

"Біз экономикасы мықты, баршаға кең мүмкіндік беретін және әлемдік қоғамдастықта беделді Әділетті мемлекетті құру және нығайту үшін барлық жауапты азаматтардың күш-жігерін біріктіргіміз келеді", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, партия өз басымдықтарын жариялады:

барша қазақстандықтар үшін тең мүмкіндік қамтамасыз ету және кландық, өңірлік айырмашылықтардың ықпалын азайту;
тәуелсіз, тиімді және объективті құқық қорғау және сот жүйесі;
экономикалық әділдік пен елдің тұрақты дамуы.

16 сәуірде бастамашыл топ Қазақстанның Әділет министрлігіне тіркеуге дайындық рәсімін бастау туралы өтініш жолдап, жақын арада құрылтай съезін өткізуді жоспарлап отыр.

Бастамашыл топ құрамына "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, саясаттанушы Марат Шибұтов, "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры Лаура Қарабасова, АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, "YNTYMAQ" шағын және орта бизнес қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы" РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы Гүлзира Атабаева, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов, "Qazaqstan" РТРК тележүргізуші-журналисі Ирина Тен, "Қазақстан халқына" ҚҚ басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және басқалар кірді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus