Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мәжіліс депутаты Болат Назарбаев дәуірінде жеке меншікке заңсыз өткен жерлер мәселесін көтерді

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек сот процестеріне бақылауды күшейту және су қоймаларын мемлекет меншігіне қайтару қажеттігін мәлімдеді. Ол бұған Алматы облысын мысал ретінде келтірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Депутаттың айтуынша, Конституцияда табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені және мемлекет оларды халық атынан басқаратыны бекітілгеніне қарамастан, су қорының бір бөлігі жеке меншікке өтіп кеткен жағдайлар кездеседі.
Базарбек кейбір істер бойынша соттар мемлекеттің позициясын қолдап, бұрын жасалған мәмілелерді заңсыз деп танығанын атап өтті. Алайда басқа ұқсас жағдайларда қарама-қайшы шешімдер қабылданып отыр, бұл сот тәжірибесінің біркелкілігіне қатысты сұрақтар туғызады.
Мәжілісменнің айтуынша, Алматы облысында су қорын заңсыз иелену деректері бойынша тексерулер сотқа дейін жетіп, сот мемлекет пайдасына шешім шығарған мысалдар бар.

"Болат Назарбаевтың кезінде және оның көмегімен бір адамның қолына заңсыз өткен Алматы облысындағы төрт ірі су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды", - деді Базарбек.

Сонымен қатар депутат сот тәжірибесінде бұған қарама-қайшы мысалдар да бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, Қапшағай су қоймасының су қорғау аймақтарындағы жерлерді қайтаруға қатысты бірқатар істер бойынша соттар анықталған заңбұзушылықтарды мойындаған, бірақ басқа ұқсас процестерде мемлекеттік органдардың талап-арыздарын қанағаттандырудан бас тартқан. Осыған байланысты Базарбек Жер және Су кодекстеріне сәйкес, бұл аумақтар жекеменшікте болмауы тиіс екенін, демек, мұндай істерге көзқарас бірыңғай болуы керектігін еске салды.

"Әрине, судьялар мен соттардың ішкі сенімі туралы шексіз дауласақ болады, бірақ Жер және Су кодекстерінің, яғни заңның талаптары нақты: су қорының нысандары мен жерлері жеке меншікте болмайды. Неге жер комиссияларына, бізге, неге олигархтарға Алматы облысындағы су қорының заңсыз иеленген жерлерін сот арқылы қайтару үлкен қиындықтармен жүріп жатыр? Заң бәріне ортақ қой, олигархтар үшін арнайы сот төрелігі болмауы тиіс", - деді ол.

Баяндалған жағдайлардың негізінде депутат Бас прокурордан Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің су қоры жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты талап-арыздарды ерекше бақылауға алуды сұрады.
Сонымен қатар Базарбек тексеру нәтижелері бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тану және меншік құқығының күшін жою үшін 65 жер учаскесі бойынша қосымша талап-арыздар беруді ұсынды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus