ҚХР сарапшысы: Қазақстандық арман - кезең-кезең міндеттер белгіленген нақты мақсат
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласы Қытай ғалымдарының үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстандық тілшілермен болған сұхбатында Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты директорының орынбасары Сунь Ли (Sun Li) аталған мақала жайындағы өз пікірімен бөлісті.