Орталық Азия елдерін аралаған Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға да келді. Астанада Қазақстан сыртқы істер министрімен және ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен Кэмерон Ұлыбритания премьер-министрі кезіндегі сапарын еске алып, елде содан бері көп өзгеріс болғанын айтты. Сапар соңында Лондон өкілі Азаттыққа шағын сұхбат берді.