Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ономастикалық комиссия Сара Назарбаева негізін қалаған институттың атауын өзгертуді мақұлдады

Республикалық ономастикалық комиссия экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауын өзгертуге рұқсат берді. Бұл жөнінде 21 қазанда республикалық ономастика комиссиясының шешіміне сүйенген ҚазТАГ агенттігі хабарлады. 


Шешімге сәйкес, аталған институт енді "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты деп аталады. 


Комиссия сонымен бірге Алматы және өзге қалалардағы бірқатар мекемелердің атын өзгерту туралы шешім қабылдаған. 



Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты бұған дейін "Өзін-өзі тану" пәні бойынша оқытушылардың біліктілігін арттырумен айналысатын мекеме ретінде құрылған еді. "Өзін-өзі тану" пәнінің авторы да – Сара Назарбаева. Былтыр сол кездегі білім және ғылым министрлігі (қазір екіге бөлініп кеткен: оқу-ағарту министрлігі және ғылым және жоғары білім министрлігі) келесі жылдан бастап аталған пәнді оқу міндеттелмейді деп мәлімдеген. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаеваның идеясымен 2010 жылдан бастап "Өзін-өзі тану" пәні мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізілген еді.


Бұрынғы бірінші ханым 82 жастағы Сара Назарбаева күйеуі президент қызметінде болған кезеңнің кейінгі жылдарында ел алдына көп шықпай кеткен. Ол күйеуімен бірге шетелдік сапарларға барған жоқ, ресми шараларда да бой көрсетпеді.


Бұған дейін кей ақпарат құралдары Сара Назарбаева қыз күніндегі аты-жөніне өтіп алғанын хабарлаған. Тұңғыш президенттің сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызы Назарбаева деп көрсетілгенімен, ашық дерекке жататын бірқатар қаржы құжатында, қаржы министрінің есебінде Назарбаевтың әйелі және оның үш қызының анасы Сара Алпысқызы Қонақай деп жазылған.


Назарбаевтың жаңа отбасы бар деген сыбыс тарағанына көп болды. OCCRP ұйымының журналистік зерттеуінде 41 жастағы Әсел Құрманбаева экс-президенттің "бейресми әйелі" екені айтылған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus