Мы в Telegram
Добавить новость

Положительная динамика наблюдается в базовых отраслях экономики Орехово-Зуева

Официальный сайт программы КРТ начал работу в городе

Строительство придорожного автоцентра возобновили вблизи деревни Дудкино

Хирург Хорошев: резкая боль в правой части живота указывает на аппендицит



World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

"Саяси қуғын-сүргін құрбаны". Белсенді Нұрпейісовтің адвокаты тергеу әділ өтпегенін айтты

"Алматы әуежайын басып алмақ болды" деп айыпталған 43 жастағы азаматтық белсенді, мұғалім Қалас Нұрпейісовтің адвокаттары тергеу кезінде көп заңсыздық болғанын айтты. Нұрпейісовтің адвокаттары, туыстары мен жақтастары бүгін, 27 қаңтарда Алматыда жиын өткізіп, қамаудағы мұғалімді "саяси репрессия құрбаны" деп атады.

Адвокат Абзал Айдархановтың айтуынша, тергеуде бірнеше сараптама жасалса да, бірде-бір дәлел мен куә табылмаған. Адвокат тергеу кезінде Нұрпейісовке жасалған қысымдарға прокуратура көз жұма қарады, Бас прокурор әлі соты болмаған адамды айыптай сөйледі деді.

Биыл 5 қаңтарда өткен парламенттегі жиында бас прокурор Берік Асылов "Діни экстремистік ұйымдардың екі мүшесі Қ.Нұрпейісов пен Ә.Тілеужан Алматы әуежайын басып та алған" деп мәлімдеген. Адвокат бас прокурор Нұрпейісовтің конституциялық құқығы - кінәсіздік презумпциясын бұзды деп есептейді.

- Кінәсі дәлелденбесе, "Қалас жасады" деп қалай айтасың? Ол жай ғана күдікті, айыпталып жатыр. Айыптың дәлелі табылған жоқ. Бас прокурорда мұндай дерек қайдан жүр? Демек тергеу органдары жоғары жаққа солай айтқан. Оны осылай [көпшіліктің алдында] мәлімдеп, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, сот шешіміне әсер еткісі келді, қоғамда теріс пікір қалыптастырғысы келді. Яғни, бұл позиция жоғары жақпен алдын ала келісілген. Түсінемін, елде жаппай тәртіпсіздік болды, елге миллион-миллиардтаған шығын келді. Енді біреуді кінәлі етіп шығару керек болды ғой. Сондықтан Қаласты саяси қуғын-сүргін құрбаны деп санаймын, - деді адвокат Абзал Айдарханов.

Қорғаушының айтуынша, сотқа дейінгі тергеу кезіндегі заңсыздықтар туралы шағымдары ескерусіз қалған.

- Қолына қару алып, адамдарды қорқытса, біреуге күш көрсетсе, жан-жағын қиратса, түсінемін. Бірақ [Нұрпейісовтің] қолында бір де бір қаруы болмады, ештеңені қиратпаған, сол күні түрмеден шыққан. Бірақ тергеу объективті жүргізілмеді, мұндай жағдайда қарапайым азаматтың кінәсіз екенін дәлелдеу қиын, – деді Абзал Айдарханов.

Нұрпейісов жаңа туған баласын әлі көрмеген. Оның бес баласы бар, екеуі кәмелетке толмаған. Әйелі Жанар Қанапиянова жұмыссыз, қазір балаларымен анасының үйінде тұрып жатыр. Жалғыз мүлкі - үйін тергеу соты санкцияға алған.

- 10 айға жуықтады [Нұрпейісов] жазықсыз түрмеде отыр. Үйқамаққа жібермеді. Туысқандардың көмегімен жүріп жатырмын, жұмыссызбын. Егер біз жалғыз асырушымыздан айырылып қалсақ, Қалас 18-20 жылға кетеді екен. Ойлауға қорқамын, - деді Нұрпейісовтің әйелі Азаттыққа.

Қалас Нұрпейісовке Қаңтар оқиғасынан кейін төрт бап бойынша айып тағылған: оның екеуі ("Тонау" және "Автокөлікті иеленіп алу") амнистиямен қысқаруға тиіс. Ал "Жаппай тәртіпсіздік" және "Ғимаратқа басып кіру" баптары амнистияға ілінбейді. Бас прокуратура таратқан мәліметте "Нұрпейісов Алматы әуежайына және "Казаэронавигация" ғимаратына шабуыл жасады, оны басып алды" делінген.

Нұрпейісов 5 қаңтарда "ҰҚШҰ әскері келеді дегенді естіп, әуежайға барғанын" мойындайды. Бірақ тағылған айыппен келіспейтінін айтқан. Оның бұрынғы адвокаты Жалғас Сапарханованың айтуынша, 24 қарашада Нұрпейісов өзіне тағылған айыптарға келіспей, тергеу изоляторында өзіне қол жұмсамақ болған. Белсенді сол жақ қолының тамырын кескен. Бұдан соң ауруханаға жеткізілген еді. Қазір жағдайы қалыпты дейді жақтастары.

Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел тергеу тобы әуежайға қатысты қылмыстар бойынша тергеуді аяқтаған. Қазір процесс қатысушылары қылмыстық істің құжаттарымен танысып жатыр.

Бас прокуратураның Азаттыққа жазған дерегінше, Алматы әуежайына "шабуылды ұйымдастырды, басып алмақ болды" деп бес адам күдікке ілініп, тергелген. Соның бірі – белсенді, журналист Әйгерім Тілеужан. Ол да өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

Әуежайдағы тәртіпсіздікке қатысқан тағы 50 адам қылмыстық жауапқа тартылған.

Қалас Нұрпейісов мектепте тарих мұғалімі болған. 2019 жылы митингіге шығып, көп алдында сөз сөйлегені үшін жұмысынан қуылған.

Бұған дейін Eurasianet басылымы Қаңтар оқиғасынан бері он ай өтсе де, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "жаппай тәртіпсіздіктің артында “арнайы дайындықтан өткен лаңкестер” тұр" деген мәлімдемесін растайтын дәлел табылмағанын жазған еді.

Басылым "Тоқаев қаңтар айында берген сұхбатында әуежайды "Орталық Азияның басқа қаласынан азаматтарды әкелу үшін" басып алды деп мәлімдеген. Алайда "әуежайды басып алды" деген күдікке ілінгендердің бірі – аудармашы, журналист Әйгерім Тілеужан мен тарих пәнінің мұғалімі Қалас Нұрпейісов Тоқаев сипаттаған содырлар мен лаңкестерге келіңкіремейді, одан гөрі саяси белсенділерге көбірек ұқсайды деп жазды басылым.

Биыл 2 қаңтарда Жаңаөзенде сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы халық наразылыққа шыққан. Елдің басқа аймақтарында да Жаңаөзенді қолдаған бейбіт митингілер өткен. Кейін наразылыққа қарулы топтар (кей сарапшылар кландар арасындағы қақтығыс деп атайды) араласып, соңы тәртіпсіздікке ұласты. Тәртіпсіздіктен кемі 238 адам қаза тапты.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайының басып алынғаны да хабарланды. Куәгерлердің айтуынша, 5 қаңтарда таңертең әуежайды әскерилердің мықты күзеті тұрғаны байқалса, түстен кейін әскерилер аяқ астынан бірі қалмай кетіп қалған. Жолаушыларды әуежай қызметкерлерінің өздері эвакуациялауына тура келген. 6 қаңтарға қараған түні әуежайдың "бүлікшілерден тазартылғаны" айтылды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қаңтардағы мәлімдемесінде "террорист бандалар ірі инфрақұрылымдарды, Алматыдағы әуежай мен ондағы бес ұшақты тартып алғанын" айтқан еді. Тоқаев осы мәлімдемесінде "экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарып келген қауіпсіздік кеңесі төрағалығын қолына алғанын, террористік қауіптің алдын алу үшін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) басшыларынан көмек сұрағанын" хабарлаған.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Улетел в кусты. Сразу четыре такси столкнулись в Зеленограде

Деменко заявил, что в Суперфинале Кубка России нет фаворита

Суд продлил арест обвиненной в экстремизме журналистке Фаворской

МВД сообщило о задержаниях после стрельбы в Западном Бирюлево

Музыкальные новости

Театр и Культура, Россия и Дети: 15 мая театр кукол Ульгэр представил спектакль «Мүнгэн мүшэдүүд» в стенах Художественного музея для первых классов гимназии №29 Улан-Удэ

ЦСКА и "Нижний Новгород" забили 8 голов в матче РПЛ

Олимпийский чемпион Роман Костомаров поздравил победителей номинации «Экскурсия без границ» программы «Лига Экскурсоводов»

"Спартак" обыграл "Рубин" со счетом 3:1

Новости России

Захарова назвала приступом безумия версию, что за покушением на Фицо стоит РФ

Самолет Уфа-Новый Уренгой сел в Тюмени из-за отказа автоматики

Москвичка нашла в своём унитазе удава

Музыкальный театр просит красноярцев о поддержке на всероссийском конкурсе проектов

Экология в России и мире

ТОП-10 продуктов, необходимых для здоровья щитовидной железы

Июньские дни духовности: Православные праздники месяца от ясновидящей Галины Янко

Осторожно ВПЧ! Доктор Кутушов рассказал от чего появляются папилломы на теле

Почему употребляющим алкоголь и желающим похудеть надо каждый день пить томатный сок: раскрыта его невероятная польза

Спорт в России и мире

Арина Соболенко сняла траур по Кольцову и завела новые романтические отношения

Касаткина, Андреева и Кудерметова — в тройке лидеров в борьбе за звание лучшей теннисистки

Рыбакина узнала свое место в новом мировом рейтинге

Рахимова прошла во второй круг турнира WTA в Рабате на отказе Таунсенд

Moscow.media

Черёмуховая сказка Холмогорья

ТСД SAOTRON RT-T50: высокопроизводительный терминал сбора данных промышленного класса

АО «ДиМ» демонтировало 40% старого путепровода над железнодорожными путями

Чесменская церковь.Санкт-Петербург











Топ новостей на этот час

Rss.plus






На юге столицы произошла массовая драка со стрельбой

"Они его съедают": Армия встала за обвиненного в мошенничестве генерал-майора Ивана Попова

OneTwoTrip: летом россияне будут отдыхать в Санкт-Петербурге и Италии

Захарова назвала приступом безумия версию, что за покушением на Фицо стоит РФ