Қазақстан соты елдің әр өңірінде билікті сынап, наразылыққа шыққан белсенділерді "экстремистік ұйым жұмысына араласты және оны ұйымдастырды" деп жазалайды. Бірақ "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы мен "Көше партиясын" "экстремистік ұйым" деп таныған сот шешімі ресми түрде еш жерде жарияланбаған. Ал сот ондай шешім шығарғанда сүйенетін сараптама қорытындысын да қоғамға көрсетпейді. ҚДТ-ға тыйым салуға негіз болған сараптаманың авторы бұрын басқа саяси процестерде де сарапшы болған.