Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) жаңа зерттеуінде "Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми әйелі Әсел Құрманбаева офшордағы құпия келісімнен 30 миллион доллар пайда көрген" деп мәлімдеді. Келісімге экс-президентке жақын саналған екі олигархтың қатысы бар.