Қазақстан жаһандық әрі өңірлік қауіпсіздікті күшейту жолында өзінің кезекті қомақты үлесін қосты - Апталық шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Ата Заңының 20 жылдығына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдардың делегациялары, яғни ЕҚЫҰ, ЕАЭО соты, БҰҰ, Еуропа кеңесінің Венеция комиссиясы және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты. Сонымен қатар конференцияға 28 елдің құқық қорғау мекемелері мен прокуратураларының, соттарының, конституциялық бақылау органдарының басшылары, отандық және шетелдік танымал заңгер-ғалымдар шақырылды.