Еуропарламент пен халықаралық ұйымдар Қазақстандағы адам құқығы жағдайы мен биліктің реформаларына сын айтқан тұста ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "саяси реформаларды біреулерге ұнау үшін жасап отырған жоқпыз", ісімізге "шетелдік әріптестерім мен сарапшылар оң баға беріп жатыр" деп мәлімдеді. Белсенділер мен құқық қорғаушы Тоқаев "саяси реформа жасаған жоқ" деп санайды.