Жария етілетін қаражаттарды Астана қаласында құрылатын Қаржы орталығына инвестициялау ұсынылады - А. Теңгебаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы министрлігі жария етілетін қаражаттарды Астана қаласында құрылатын Қаржы орталығына инвестициялауды ұсынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі ақшалай қаражат пен мүлікті заңдастыруды жеңілдету тақырыбындағы брифинг барысында Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлім етті.