Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қарағандыда Ленин көшесі Абай деп ауысты. Талқылауға мыңнан астам адам келді

13 қаңтарда кешке қарай Қарағандыда советтік ескі атауы өзгермеген көше аттарын ауыстыру бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Талқылау қаланың шеткі аудандарының біріндегі Достық үйінде өтіп, жиынға мыңнан астам адам қатысты. Қала билігі ғимарат кең әрі көп адам сиятын болғандықтан таңдалғанын айтты. Қоғамдық тыңдауға жиналғандар залға лық толып, сыймағандар көрші бөлмеде отырды. Олар талқылауды видеобайланыс арқылы көрді. Залды да, көшені де полиция қызметкерлері бақылап тұрды.


Ең басты талқылау қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының есімі ұсынылған Ленин даңғылының атауын өзгертуге арналды. Ұсынысқа жиналғандар түрлі эмоция білдірді. Көпшілік Абайдың атына беруді қолдады, алайда қарсылық білдіргендер де болды. Залда отырғандардың кейбірі Қарағандыдағы Ленин ескерткішін де алып тастау керек десті. Ленин көшесінің атауын өзгертуге қарсылық білдіргендердің дауысы ысқырық, айқай-шудан естілмей қалды. Олардың сөйлеуіне халықтың басым бөлігі мұрсат бермеді. Көше атауын өзгертуді құптағандар Совет одағы қазақ халқын аштыққа, қуғын-сүргінге ұшыратқаны айтылғанда көпшілік қол соғып, қошемет білдірді.


– Ленин көшесін Абай атына өзгерту – бұл дұрыс стратегиялық қадам. Ленин көшесі – ең қиын мәселе. Қазақ халқының элитасын жойған террор дәуірі Лениннен басталады, – деді Қарағанды тұрғындарының бірі.


– Ленин көшесін қалдыру керек. Тарихты есте ұстау қажет. Ауыстыруға болатын өзге көшелер бар ғой, – деді тыңдауға келген тағы бір тұрғын. Бірақ оның сөзін көптің шуы естіртпей, аяқтатпай тастады.


Оқи отырыңыз: Назарбаевтың қасындағы Ленин. Қарағандыдағы көше атауын ауыстыру мәселесі


Барлығы 10 көшенің атауын ауыстыруға ұсыныс берілген. Тізім жасақталды, енді көше атауының ауысқаны бекітілуі керек. Атауларды ауыстыруға бюджеттен 3 миллион теңгедей қаржы керегі айтылған. Залда «тақтайшаларды ауыстыруға салық төлеушілердің қаржысы кетеді» деп ашуланғандар болды. Енді бірі қазір ақшаны көше атауын ауыстыруға емес, қалада шешілмей жатқан мәселелерге жұмсау керек деді.


Жиында Қарағандыдағы Волочаевский көшесін Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, «Даңқ» орденінің толық кавалері, «Құрмет» орденінің иегері Қамали Дүйсенбековтің құрметіне беру туралы шешім қабылданды. Кувская көшесі енді Совет одағының батыры, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Қазыбек Нұржановтың, ал Кривогуз көшесі ақын Қасым Аманжоловтың есімімен аталады. Защитная көшесі этнограф, фольклорист Григорий Потаниннің атына ауысты. Олимпийская көшесіне еңбек ардагері, Қарағандының құрметті азаматы Нарманбет Төлеповтің есімі берілді. Ал Аманжолов көшесі бұдан былай Балқантау деп аталмақ (Қарағанды облысы аумағында осылай аталатын тау сілемі бар). Нұржанов көшесі Мерей атауына, Приканальная көшесі Сарыарқа атауына ауысты.


Тыңдауда орыс тілді тұрғындарға «қазақ тілінде күніне тым құрығанда үш сөз жаттау» жайлы ұсыныс та айтылды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus