Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

"ҚДТ-ға қатысы бар" деп айыпталғандар ісі: Прокурор актіні оқыды

13 қарашада Алматыдағы сотта прокурор Мұхит Рысбеков елде тыйым салынған ҚДТ қозғалысына “қатысы бар” деп айыпталған төрт тұрғынға қатысты айыптау актісін оқыды. Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, 30 жастағы Оксана Шевчук, 51 жастағы Гүлзипа Жаукерова, 48 жастағы Жазира Демеуова және 36 жастағы Әнуар Әшіралиевке Қылмыстық кодекстің 405-бабы 2-тармағы бойынша (Тыйым салынған ұйымның жұмысына араласу) айып тағылған. Төрт адам жеке-жеке айыпталған.


Айыптаушылар сот кезінде айыптаумен келіспейтінін, процессуалдық келісімге келмейтіндерін айтты.


13 қазандағы сот отырысы адвокаттардың судья Құралай Дархановаға сенімсіздік жариялау шағымын қараудан бастады. Қорғаушылар “судья Дарханова прокурор Рысбековтің позициясын жақтап, журналистерге фото-видео түсіріп, аудио жазуға қарсы шықты” деп сенімсіздік танытқан. Алмалы аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Ернар Қасымбеков қорғаушылардың шағымын қанағаттандырмады.


Отырыс кезінде адвокат Әсем Түсіпова үйқамақта отырған Жазира Демеуованы белгісіз ер адам қорқытып-үркітіп, Шевчук пен Жәукероваға қарсы куәлік етуді сұрағанын айтты. Түсіпова судьядан Демеуоваға арнайы қорғаушы тағайындауды сұрады. Судья Дарханова бұл шағым 14 қарашада қаралатынын айтты.


Сот кезінде адвокаттар Гүлнара Жуаспаева, Ғалым Нұрпейісов және Әлия Шарипбаева Әшірәлиевті, Жәукерованы, Шевчукты қамаудан босатып, үйқамаққа ауыстыруды сұрады. Бұл өтінішке прокурор қарсы шықты. Судья да қолдамады. Адвокаттар судьядан бұл шешімді түсіндіруді сұрағанымен, Дарханова шешімге түсінік беруге міндетті емес екенін жеткізді. Осыдан соң Жуаспаева Алмалы аудандық сотының барлық судьясына сенімсіздік жариялады. Бірақ бұл шағымды судья Камшат Саурова қараудан бас тартты.


13 қазандағы сот отырысында айыпталушылардың ондаған қолдаушысы келгенімен, оларды сотқа жібермеді. Олар сот ғимаратының ішінде “Бостандық” деп айғайлады.


Шевчук, Жәукерова және Әшірәлиев 4 шілдеден бері Алматыдағы тергеу изоляторында отыр. Тамызда қазақстандық құқық қорғаушылар Демеуова, Жәукерова, Әшірәлиев және Шевчукті “саяси тұтқындар” тізіміне қосқан. Қазақстан билігі елде “саяси тұтқындардың” барын жоққа шығарады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus