Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

C-400 кешеніне байланысты АҚШ пен Түркия қарым-қатынасы нашарлады

12 шілдеде Анкара ресейлік C-400 әскери зымыран кешенінің алғашқы партиясын қабылдап, алдағы уақытта қалған бөлігі жеткізілетінін хабарлады. Сарапшылар АҚШ пен Түркия арасындағы қарым-қатынастың нашарлағанын айтады.


АҚШ әкімшілігі кешеннің жеткізілуіне байланысты пікірін айтқан жоқ. Вашингтонның ықтимал әрекеттері жайлы баспасөз мәслихаты кейінге шегерілген.


АҚШ қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Марк Эспер түркиялық әріптесі Хулуси Акармен жарты сағат бойы телефонмен сөйлескен, алайда Пентагон әңгіменің жай-жапсарын айтудан бас тартты.


"Акар америкалық әріптесіне Түркия әуе және зымыран қорғаныс жүйесіне зәру, осындай зәруліктің себебінен C-400 сатып алынды". Түркияның қорғаныс министрлігі Акар мен Эспер арасындағы әңгіме ауанын қысқаша осылай жеткізді. 


Құны шамамен 2,5 миллиард доллар болатын ресейлік C-400 әскери зымыран кешенін сатып алу туралы келісімге Мәскеу мен Анкара 2017 жылы қол қойған. Бастыпқыда Түркияға ресейлік әскери зымыран кешендері 2020 жылы жеткізіледі деп жоспарланған. Бірақ екі тарап алғашқы кешенді 2019 жылдың шілде айында жеткізу туралы келіскен.


Бұл келісім Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасқа салқынын тигізді. Вашингтон НАТО пайдаланып келе жатқан F-35 әскери ұшағы жайлы құпия дерек Кремльдің қолына түсуі мүмкін деп қауіптенген. АҚШ сонымен бірге C-400 кешені НАТО-ның зымыранға қарсы қорғаныс жүйесімен сәйкес келмейтінін де алға тартқан. АҚШ сенаты егер Түркия C-400 кешенін орналастырса, оған қарсы санкция салатынын ескерткен.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus