Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сайлауға байланысты акция өткізген екі белсенді 15 күнге қамалды

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты бүгін, 21 сәуірде "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" (488-бап, 3-бөлім) деп айыпталған белсенділер Әсия Төлешова мен Бейбарыс Толымбаевты кінәлі деп тауып, 15 күнге қамады. Толымбаев ісін судья Ержан Алдабек қараған. Бұл ақпаратты Азаттық тілшісіне саясаттанушы, "ІІМ-дегі реформа үшін" тобының белсендісі Димаш Альжанов жексенбі кешке хабарлады. 


"Бейбарысты алып кетті. Тергеу және ұстау кезінде заңбұзушылықтар болды. Бұған қоса, оның үстінен толтырылған хаттамада "Лидер нации - позор нации" деген жазуы бар плакат болды" деп қосып жазып жіберген. Судья бұл ақпаратты тексерген жоқ және хаттама толтырған полицейден де жауап алмады" деді сотқа қатысқан Димаш Альжанов. Оның айтуынша, сотта сурет пен видео түсіруге рұқсат етілмеген.


Vlast.kz сайтының хабарлауынша, жексенбі түнде сот Әсия Төлешованы да 15 күнге қамау туралы шешім шығарған. Әсия Төлешова судья Мұрат Абраевты ауыстыру жөнінде өтініш берген. Бірақ өтініші қабылданбаған. Жауапкердің прокурорды да ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылмаған. Екі белсенді де сотта тағылған айыпты жоққа шығарған. 


"Сайлауға көптің назарын аудартқымыз келді. Біздегі сайлауда таңдау жоқ екеніне. Азаматтардың азаматтық позициясын белсендірек білдіргенін қаладық. Егер сайлауға байкот жарияласа, жақсы, дәлелдерін айтсын. Ал егер дауыс бергісі келсе, бәрін салмақтап, белсенді түрде таңдау жасасын. Проблемадан қашпай, онымен күрессін" деп Vlast.kz сайты Әсия Төлешованың сөзін келтірген.


Сот шешімі шыққаннан кейін сот процесіне қатысушылар судья мен прокурорға бағыттай "масқара!" деп айғайлаған.


Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына Азаттық тілшісі хабарласқанмен жауап ала алмады. Қазақстан жастары ақпараттық қызметінің бас директоры Ирина Медникова Facebook-тағы парақшасында сотқа кіре алмағанын жазып, видео да жариялаған.


Бұған дейін Бостандық аудандық ішкі істер басқармасы Азаттыққа бірнеше азаматтың ұсталғанын растаған. 


Сәуірдің 21-і күні таңертең Алматыда марафон кезінде полиция бірнеше белсендіні ұстады. Ақпарат бойынша, олар жол жиегіне "От правды не убежишь. У меня есть выбор" (Шындықтан қаша алмайсың. Менде таңдау бар) деген жазуы бар баннерлерді іліп қойған. Полиция оларды ұстап, Әсия Төлешова мен Бейбарыс Толымбаевқа "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген айып тағып, әкімшілік іс қозғаған. 


Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымға белгіленген. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus