Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қырғызстанда Азаттық тілшісі Уланбек Егізбаев қаза болды

Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшісі Уланбек Егізбаев қазаға ұшырады. 28 жастағы журналисті бүгін түстен кейін Ыстықкөл жағажайында суға батып бара жатқанын байқап қалған адамдар жағаға шығарған. Чолпон-Атадағы ауруханаға ес-түссіз халде жеткізілген жігіт біраз уақыттан соң сонда қайтыс болған. Ішкі істер министрлігінің жедел-тергеу тобы оқиға болған жерде тексеру жүргізіп жатыр деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.


Уланбек Егізбаев 2016 жылы "Арман" ("Мечта") ролигі үшін Webby Awards сыйлығын иеленген. Нью-Йорк қаласына жүлдені алуға роликегі кейіпкер Нұрғазы екеуі бірге барған.




Журналистік жұмыстары үшін Уланбек Егізбаев Қырғызстанның Құрмет грамотасымен, ТМД парламентаралық ассамблеясының наградасымен марапатталған. Осыдан тура бір ай бұрын Уланбек Егізбаев "Алтын қалам" сыйлығымен марапатталған еді.


Уланбек Егізбаев Қырғызстандағы мемлекеттік шенеуніктер арасындағы жемқорлық оқиғаларын зерттеумен де айналысты, оның материалдары Азаттықтың "Ыңғайсыз сұрақтар" бағдарламасында талқыланды. Журналист әзірлеген арнайы репортаждар Қырғызстан қоғамында талқылауларға ұласқан.




Соңғы кездері Уланбек Егізбаев Қырғызстан астанасы төңірегіндегі элиталық аудандардағы заңсыз жер сату және Бішкек зиратында жерлеу үшін сатылатын жер туралы зерттеулер жүргізген еді. Оған әлдекімдер телефон шалып, хат жолдап қоқан-лоқы жасаған.


Журналистік қызметімен қатар Уланбек қоғамдық қызметпен де айналысты. Ол әділетсіздік, заңсыздыққа қарсы өз позициясын табанды түрде ашық білдіретін.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus