Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркияда алты журналисті ұзақ мерзімге соттады

Стамбул соты терроризммен байланысты бірқатар айыптар тағылған Zaman газетінің алты журналисін кінәлі деп танып, ұзақ мерзімге түрме жазасын тағайындаған.


Колумнист Мумтазер Түркен мен басылымның Анкарадағы редакциясының жетекшісі Мұстафа Оналға 2016 жылы мемлекеттік төңкеріс әрекеті іске аспай қалған соң қозғалған іс бойынша 10 жылдан артық уақыт түрме жазасы берілген.


Сот журналист Ибрагим Карайегенді тоғыз жылға, колумнистер Әли Булач, Сахин Алпай және Ахмет Туран Алканның әрбірін – сегіз жылға бас еркіндігінен айырған.




Журналистердің барлығы Түркияда осыдан екі жыл бұрын мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандардың әрекеті іске аспай қалған соң тұтқындалған. Оларға "террорлық ұйымға мүше болу", "Түркия Конституциясын бұзу" және өзге де айыптар тағылған. Жұмысы тоқтатылған Zaman басылымында істеген тағы бес журналист ақталған.


Zaman газетімен байланысы бар деп саналатын, қазір АҚШ-та тұратын түрік діни қайраткері Фетхулла Гүленді ресми Анкара 2016 жылғы шілдеде Түркияда іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдастырушы деп айыптайды. Гүлен бұл айыптауды жоққа шығарады.


2016 жылы қыркүйекте 30 журналист пен газет жетекшілеріне қарсы сот басталған. Олардың барлығы өздеріне "Түркия президенті Режеп Ердоғанды биліктен тайдырма болды" деп тағылған айыптарды жоқа шығарған.


Түркияда мемлекеттік төңкеріс әрекетінен кейін Гүленмен байланысы бар деген күдікпен ондаған мың адам: әскерилер, шенеуніктер, мұғалімдер, журналистер және өзгелер ұсталып, қамалған. Тағы ондаған мың адам ауқымды тазартулар барысында жұмыстан қуылған немесе шеттетілген. Жергілікті құқық қорғаушылардың мәліметінше, елде ондаған БАҚ және коммерциялық емес ұйымдар жұмыстарын тоқтатқан.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus