Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Кабулда қонақ үйге шабуылдан бір қазақстандық мерт болған

Кабулдағы Intercontinental қонақ үйіне жасалған шабуылдан 1978 жылы туған Қазақстан азаматы мерт болған. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов Facebook парақшасында хабарлады. 


"Ауғанстаннан суыт хабар жетті. Кабулдағы Intercontinental қонақ үйіне жасалған шабуылдан 1978 жылы туған Қазақстан азаматы қаза тапты. Жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қазақстан сыртқы істер министрлігі марқұмның денесін елге әкелу жағын ұйымдастырады" деп жазылған хабарламада. 


Кабул полицииясының хабарлауынша, шабуылдан кем дегенде 18 адам мерт болған. Олардың арасында тоғыз Украина азаматы, бір Германия, бір Грекия азаматы да бар. Мерт болғандардың саны артуы мүмкін. 


Ауғанстан ішкі істер министрлігі 21 қаңтарда Кабулдағы Intercontinental қонақ үйіндегі әскери операция аяқталып, үш содырдың көзі жойылғанын хабарлаған. 12 сағаттық операция кезінде қонақ үйден 150 астам адам құтқарылған. Олардың қырыққа жуығы - шетелдіктер.


20 қаңтарда Кабулдағы ең ірі қонақ үйді бірнеше қарулы адам басып алғаны хабарланған.  Ал "Талибан" ұйымы шабуылды бес адам ұйымдастырғанын айтты. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus