Қанат Ислам желтоқсан айында тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАҚпарат - WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы қазақстандық белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам желтоқсан айының ортасында тағы бір кездесуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы боксшы Қазақстан Ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында мәлім етті.