Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иран АҚШ кемелерін Ормуз бұғазына жібермегенін мәлімдеді

Иран әскерилері АҚШ президенті Дональд Трамп елдің әскери-теңіз күштері осы стратегиялық маңызды су жолы арқылы кемелерге ілесіп жүруді бастайтынын жариялаған соң, америкалық кемелердің Ормуз бұғазына кіруіне жол бермегендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Иранның "Тасним" мемлекеттік ақпарат агенттігі бұл туралы қысқаша мәлімдеме жариялады.

"Қосымша ақпарат кейінірек жарияланады", - делінген мәтінде.

Бұл арада Ислам революциясының күзет корпусымен байланысты ирандық БАҚ Ормуз бұғазында АҚШ Әскери-теңіз күштерінің фрегатына екі зымыран атылғанын хабарлады.

"Дүйсенбіде Джаск портына жақын маңда навигация және теңіз қауіпсіздігі ережелерін бұзып, Ормуз бұғазында келе жатқан фрегат Иран әскери-теңіз күштерінің ескертуін елемегеннен кейін зымыран соққысына ұшырады", - деп хабарлады "Фарс" ақпарат агенттігі дереккөзді көрсетпей.

Ал АҚШ әскерилері Ормуз бұғазында америкалық кез келген кеменің соққыға ұшырағаны туралы ақпаратты теріске шығарды.

"АҚШ Әскери-теңіз күштерінің бірде-бір кемесі зақымдалған жоқ. Америкалық әскерлер "Бостандық" операциясын қолдап, Иран порттарына теңіз блокадасын қамтамасыз етіп жатыр", - деді Таяу Шығыстағы америкалық күштерге жетекшілік ететін Орталық қолбасшылық X әлеуметтік желісіндегі жазбасында.



???? МӘЛІМДЕМЕ: Иранның мемлекеттік БАҚ-тары Иран Ислам революциясының күзет корпусы АҚШ-тың әскери кемесіне екі зымыранмен соққы бергенін алға тартуда. ✅ ШЫНДЫҚ: АҚШ Әскери-теңіз күштерінің бірде-бір кемесіне соққы жасалған жоқ. АҚШ күштері «Бостандық» жобасын қолдап, Иран порттарына теңіз блокадасын жүзеге асыруда. pic.twitter.com/VFxovxLU6G
— АҚШ Орталық қолбасшылығы (@CENTCOM) May 4, 2026
Біріккен Араб Әмірліктері Иран Ормуз бұғазында ADNOC мемлекеттік мұнай компаниясына тиесілі танкерге екі дрон ұшырғанын мәлімдеп, бұл шабуылды айыптады.

"Коммерциялық кемелерге шабуыл жасау және Ормуз бұғазын экономикалық қысым немесе бопсалау құралы ретінде пайдалану Иранның Ислам революциясының күзет корпусы тарапынан жасалған қарақшылық әрекеттер", - деп мәлімдеген елдің Сыртқы істер министрлігі ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

БАӘ бұл оқиғаны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2817 қарарын "өрескел бұзу" деп атады.
Күні кеше Трамп әлеуметтік желіде АҚШ-тың Ормуз бұғазындағы кемелерге "еріп жүретіндерін" жазып, Иранның оларды бұғаттау әрекеттерін "өкінішке қарай, күш қолдану арқылы тоқтатуға тура келетінін" ескертті.
Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын жандандыру әрекеттері үш аптадан аса уақыт бойы сақталып тұрған бітімді бұзу қаупін тудырып отыр.
АҚШ президенті "Бостандық" жобасы деп атаған бастаманың бір бөлігін соғыс басталғаннан бері Парсы шығанағындағы мұнай танкерлерінде немесе жүк кемелерінде қалып қойған теңізшілерге көмектесуге бағытталған шара ретінде сипаттады.
Иранның IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігі Трамптың бұл ұсынысын оның "сандырағының" бір бөлігі деп атады, ал Иран әскери қолбасшылығы өтіп жатқан кемелер өз әрекеттерін олармен үйлестіруі тиіс екенін мәлімдеді.
Генерал-майор Али Абдоллахи IRIB мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында Ормуз бұғазына жақындауға немесе оған кіруге ниетті кез келген шетелдік қарулы күштер, әсіресе АҚШ-тың "агрессивті" күштері нысана ретінде қарастырылатынын айтты.
Біріккен теңіз ақпараттық орталығы АҚШ бұғаздың Оман жағында "қауіпсіздігі жоғарылатылған аймақ" құрғанын хабарлады. Орталық теңізшілерді "қозғалыс көлемінің жоғары болуы күтілуіне байланысты" Оман билігімен тығыз іс-қимыл жасауға шақырды.
Ол үйреншікті бағыттардың маңымен өту "толық тексерілмеген және залалсыздандырылмаған миналардың болуына байланысты өте қауіпті деп есептелуі тиіс" деп ескертті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus