Павлодарлық дизайнердің ұлттық киім үлгілері Нью-Йоркте көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда өткен «Ұлы дала елі» фестивалінде бес ғасыр бұрын қазақтардың қалай киінгендігі көрсетілді. Барлық костюмдерді танымал дизайнер JADO дайындаған, деп хабарлайды «КазАқпарат» ХАА pavlodarnews.kz. сайтына сілтеме жасап. Ертіс бойы тұрғындары топтаманы бірінші болып тамашалады. Фестиваль аяқталысымен Жадыра Сахиева Нью-Йорктегі сән кешіне аттанбақ.