Жүйкесінде ауытқуы бар қызылордалық тұрғын үйді «жарып жібермек» болды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- 7 тамыз күні түнгі сағат 03.20 шамасында Қызылорда қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының «102» нөміріне белгісіз азамат хабарласып, 2 газ баллоны мен 7 дана гранатаның көмегімен Панфилов көшесі бойындағы тұрғын үйді жарып жіберетіндігін айтқан. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады.