«Жасыл елдің» басшысы 16 млн теңгені жымқыруды жоспарлаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқыру әрекетіне тосқауыл қойылды. Қылмыстық топтың құрамында «Жасыл елдің» облыстық басшысы да болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.