Қазақстанда жас отбасылар фестивалі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, бүгінде жастарды әлеуметтендіру мен практикалық дағдыларын дамытуға арналған жалпыұлттық жастар жобасы әзірленіп жатыр. Аталған бастама үлкен жобаға айналуы әбден мүмкін, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.