Журналистерді баспанамен қамтуда қолдан келгенді жасаймыз - министр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін баспанамен қамтуда қолымыздан келгенін жасаймыз. Бүгін елордадағы Қазмедиа орталығында өткен халықпен есептік кездесуі барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.