Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада крандар құлағаннан кейін құрылыс нысандары жоспардан тыс тексерілмек

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі адам өліміне әкеп соқтырған крандармен болған кейінгі оқиғалардан кейін Астананың құрылыс нысандарындағы қауіпсіздікке бақылауды күшейтуді тапсырды. Осыған байланысты елордада жоспардан тыс тексерістер бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада бірнеше күн айырмашылықпен болған мұнаралы крандармен байланысты екі оқиға жоспардан тыс тексерістерге себеп болды. 27 тамызда Е 908 көшесі ауданындағы құрылыс алаңында кран құлап, салдарынан бір ер адам қаза тапты. 31 тамызда Қорғалжын тас жолы бойындағы № 100 мектеп маңында Әбілқайыр хан даңғылындағы облыстық әкімдік ғимаратында осыған ұқсас жағдай қайталанды. Бір адам қаза тауып, тағы екеуі зардап шекті.
Болған оқиғалардан кейін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне елорданың құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды. Бұл туралы Еңбек министрлігі редакцияның ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

"Заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыс нысандарына қатысты жоспардан тыс бақылау іс-шараларын бастау, сондай-ақ бұрын жазатайым оқиғалар мен қауіпсіздік талаптарын бұзу деректері болған ұйымдардың қызметіне талдау жасау көзделген", - делінген министрлік жауабында.

Бақылау іс-шаралары барысында бұрын анықталған бұзушылықтардың жойылған-жойылмағанына ерекше назар аудару жоспарланып отыр. Сондай-ақ мамандар құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану кезіндегі талаптардың сақталуын, жоғары қауіпті жұмыстарды ұйымдастыруды және өндірістік бақылауды, жұмыскерлерді оқыту мен нұсқаулық беруді, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының қауіпсіздігін тексереді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанда 3 мыңнан астам мұнаралы кран есепте тұр, оның 1 400-ге жуығы - Астанада.
Бұл ретте министрлік кранның есепке қойылуы оның дәл қазіргі уақытта нақты пайдаланылып жатқанын білдірмейтінін нақтылады. Құрылыс кезеңіне байланысты техниканың бір бөлігі резервте, монтаждауда немесе демонтаждауда болуы мүмкін немесе уақытша пайдаланылмауы ықтимал. Сондықтан бір мезгілде жұмыс істеп тұрған мұнаралы крандардың саны туралы нақты деректер жоқ.

Құрылыстағы қауіпсіздікке кім жауапты?
Еңбек министрлігі жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауын қамтамасыз ету міндеті жұмыс берушіге жүктелетінін түсіндірді. Ол қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, қызметкерлерді оқытуға және нұсқау беруге, сондай-ақ олардың қауіпсіздік талаптары бойынша білімдерін тексеруге міндетті.
Егер бір құрылыс алаңында бір мезгілде екі немесе одан да көп ұйым жұмыс істесе, қауіпсіздік мәселелерін жалпы үйлестіруді бас мердігер жүзеге асырады. Бұл ретте әрбір ұйым өз жұмыскерлерінің қауіпсіздігі үшін дербес жауап беруін жалғастырады.
Еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жасау - мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыреті. Олар нысандарға бару арқылы тексерулер мен профилактикалық жұмыстар жүргізе алады, жұмыскерлердің өтініштерін қарайды, жазатайым оқиғаларды тергейді және орындалуы міндетті нұсқамалар береді.
Министрлік Астанадағы мұнаралы крандармен болған соңғы оқиғалар дерегі бойынша арнайы тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын қосты. Болған жағдайдың себептері, ықтимал бұзушылықтар және нақты ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы түпкілікті қорытынды әзірге шығарылған жоқ.
Сондай-ақ ведомство төтенше жағдай болған екі нысанда бұрын бақылау және профилактикалық іс-шаралар жүргізілген-жүргізілмегені, онда қандай бұзушылықтар анықталғаны және берілген нұсқамалардың орындалғаны туралы ақпарат талданып жатқанын хабарлады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus