Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сәрсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды: апелляция болмайды

Атырауда бір отбасын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемалиевтің ісіне қатысты апелляция болмайды. Процеске қатысушылардың ешбірі үкімге шағым түсірген жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Атышулы сот ісіне қатысушылардың ешбірі - прокурор да, жәбірленуші тарап та, сотталған Сұлтан Сәрсемалиев пен оның адвокаты да бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымданбағаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі растады.
Осылайша, биылғы 14 шілдеде Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған үкім заңды күшіне енді.
Атышулы істің басты фигуранты Сұлтан Сәрсемалиев бұған дейін әйелінің төрт туысын өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.
Сот залынан түсірілген архивтік фото: Tengrinews.kz
Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Мәселе Атырау облысы Жангелдин ауылының тұрғындары - Мақсот Қарабалин, оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиева, қызы Мирамгүл Қарабалина мен ұлы Наурыз Мұқанғалиева туралы болып отыр. 2025 жылы бұл отбасы із-түссіз жоғалып кеткен еді.
Қаза тапқандардың фотосы Атырау облыстық ПД
Ерлі-зайыптының денесі қай жерден табылды?
2026 жылғы 6 қаңтарда Жангелдин ауылында зейнеткер ерлі-зайыптының денелері табылды. Полицияның мәліметінше, мәйіттер отбасы тұрған үйдің ауласындағы сарай астынан табылған.
Ағалы-қарындастың денелері Атырау іргесіндегі Геолог шағынауданында табылды. Олар бұған дейін Сұлтан Сәрсемалиев жалдап тұрған үйдің ауласына көмілген.
Сарапшылар әрбір марқұмның денесінен пышақ жарақаттарын анықтады. Соққылар ас үй пышағымен мойын және кеуде тұсына жасалған. Тергеу болжамы бойынша, марқұмдарға 60-қа жуық пышақ жарақаты салынған.

Ерлі-зайыпты табылған соң, 8 қаңтарда полиция іс бойынша басты күдікті - отбасының 29 жастағы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жариялады. Ол отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге Қазақстаннан кетіп қалғаны белгілі болды.
Сол кезде ерлі-зайыптыға халықаралық іздеу жарияланды.
Ескерту: Бұған дейін ерлі-зайыпты Сәрсемалиев пен Мұқанғалиева 2022 жылғы 22 қарашада ресми түрде ажырасқанын, төрт баласы анасында қалғанын жазған болатынбыз. Ажырасқандарына қарамастан, 2023 жылғы қаңтарда Сұлтан Сәрсемалиев Атыраудағы Ақбаян Мұқанғалиева жалдап тұрған пәтерге көшіп барған. Кейін олар тұрғылықты жерін өзгерткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2025 жылы әйел бесінші баласын босанған.
Күдіктілер Индонезияда ұсталды
Биыл 24 ақпанда Сәрсемалиев пен Мұқанғалиева Индонезияның Сенару ауылындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды.

25 ақпанда Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ақбаян Мұқанғалиева да іс бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады.
Айта кетейік, сот талқылауы барысында Сәрсемалиевке тек кісі өлтіру бойынша емес, ұрлық, алаяқтық, мал ұрлығы және құжаттарды заңсыз иемдену/жасыру баптары бойынша да айып тағылғаны белгілі болды.
Сәрсемалиевтің өзі кінәсін ішінара мойындады, бірақ әйелінің ағасы Наурызды өлтірді деген айыппен келіспеді. Ол бұл эпизодта өзін-өзі қорғау мақсатында әрекет еткенін алға тартты.
Сұлтан Сәрсемалиевтің әйелі, марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиева басында іс бойынша күдікті болғанымен, кейін туыстарының өліміне қатысы жоқтығына байланысты оны қылмыстық қудалау тоқтатылды.
Неге Сәрсемалиевтің әйеліне айып тағылмады?
Биылғы 10 наурызда тергеу соты Ақбаян Мұқанғалиеваны сот-психологиялық-психиатриялық сараптамадан өту үшін Атыраудағы арнайы мекемеге жібергені белгілі болды.
10 сәуірде Мұқанғалиева Алматыдағы Сот сараптамасы институтына ауыстырылды.
Ақбаян Мұқанғалиева / ІІМ видеосынан кадр
29 мамырда прокуратура Мұқанғалиеваның динамикалық бақылау мен дифференциалды диагностикаға мұқтаж екенін хабарлады.
Атыраудағы отбасының өлімі: Ақбаян Мұқанғалиева мен оның балаларының тағдыры белгілі болды
2026 жылғы 14 шілдеде Сәрсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды, ол жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Үкім алдында прокурор одан іс жүргізу шығындарын өндіруді және марқұмдардың туыстарының азаматтық талап арыздарын қанағаттандыруды сұраған болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Журналист Алдияр Көсеновтің жарияланымы (@aldiyar_kosenov)


Бұл істі судья Зарема Хамидуллина қарады. Ол Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша сот процесінен кейін танымал болған. 2025 жылғы 17 қарашада ол екі айыпталушыға - 24 жастағы Ризуан Хайыржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовқа төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Фото Tengrinews.kz
40 миллион теңге және бес баланың тағдыры: Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша сот тағы не шешті?
Айта кетейік, 2003 жылдан бастап Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізілген болатын. 2021 жылғы қаңтарда Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты. Тиісті заңға Мемлекет басшысы қол қойды. 2022 жылғы 5 маусымдағы бүкілхалықтық референдумда Конституцияға түзету енгізілді: Қазақстан Республикасында өлім жазасын қолдануға тыйым салынды. Бүгінде сотталғандар үшін ең ауыр жаза - өмір бойына бас бостандығынан айыру.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus