Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Өзі келісті ме, әлде мәжбүрледі ме? Шымкентте қыз алып қашу оқиғасы тергеліп жатыр

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының 19 жастағы тұрғынына қатысты оқиға қызу талқыланып жатыр. Тараптардың бірінің нұсқасы бойынша, қыз өз еркімен тұрмысқа шығуға келіскен, алайда кейін мәжбүрлеу болғанын мәлімдеген. Күйеу жігіттің туыстары қыз алдын ала келісімін беріп, тіпті қолхат қалдырғанын алға тартады. Шымкент полициясы, алдын ала мәлімет бойынша, оны еркінен тыс алып кетіп, некеге тұруға мәжбүрленгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күйеу жігіт тарапы не дейді?
Әлеуметтік желіде тараған жазбаға сәйкес, қоғамда үлкен резонанс тудырған оқиғаның кейіпкерлері 9 ай бойы кездесіп жүрген. Жақында қыз жігітке қыз алып қашу салтын өткізуді өзі ұсынып, құдалыққа қатысты шараларды өз бетінше ұйымдастырып, тиісті тапсырыстар берген көрінеді, ал барлық шығынды жігіт өтеген.
15 шілдеде қалыңдық оған тұрмысқа шығуға өз еркімен келісім беріп, онымен бірге туыстарының үйіне барған делінеді.
Кейін қыздың туыстары оны жігіттің үйінен алып кетуге келген. Алайда ол кетуден бас тартып, өз еркімен келгені туралы қолхат жазып берген көрінеді.

"Туыстарының шақыртуымен келген полиция қызметкерлеріне қыз өз еркімен келгенін айтып, видеоға тиісті мәлімдеме жасаған", - делінген жарияланымда.

Жазба авторының айтуынша, келесі күні қыздың ата-анасы келгенде, ол шешімін өзгертіп, олармен бірге кетіп қалған. Осыдан кейін ол полицияға жігіттің үстінен арыз түсіріп, оны келісімінсіз алып қашқанын мәлімдеген.
Жарияланым бойынша, осыдан кейін жігіттің туыстары жағдайды реттеп, кешірім сұрау үшін қыздың отбасына барған. Автордың мәліметінше, алайды қыздың жақындары алдағы уақытта ешқандай шағым түсірмеу үшін 5 миллион теңге талап еткен көрінеді.
Ақша төлеуден бас тартқаннан кейін, жігіттің екі досының да үстінен арыз түскен, дейді жарияланым авторы.
Бұл ретте күйеу жігіт тарапы қолдарында құдалықтан түсірілген суреттер мен видеолар, сондай-ақ қыз некеге тұруға өз еркімен келіскенін растайтын басқа да материалдар бар екенін мәлімдеп отыр.
Полиция пікірі
Шымкент полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, арызданушыны қаланың демалыс орындарының бірінен еркінен тыс алып кетіп, некеге тұруға мәжбүрлеген. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде екі күдіктінің жеке басы анықталды. Олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп толықтырды полиция.

Бұған дейін Түркістан облысында жолаушы қыз көмек сұрап белгі бергеннен кейін полицейлер көлікті тоқтатқан болатын. Қызды некеге тұру мақсатында алып қашқаны анықталды, алайда ол "ұрлаушының" үстінен арыз жазудан бас тартқан.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus