Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда жазғы алаңдарға қатысты жаңа ережелер енгізіледі

Алматыда дәмханалар жанындағы жазғы алаңдарды реттеуге қатысты өзгерістер дайындалып жатыр. Бұл мәселе қала әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазғы алаңдарға арналған жаңа ережелер

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, Алматыдағы мекемелердің шамамен 30 пайызы жазғы алаңдарды пайдаланады. Сонымен қатар қазіргі реттеу тетіктері олардың уақытша және күрделі емес сипатын әрдайым ескере бермейді.

Бұл оларды орналастыруды келісу кезінде қиындықтар туғызып, сондай-ақ мұндай нысандардың рұқсатсыз орнатылу жағдайларына әкеп соғады.

Осыған байланысты ведомство кәсіпкерлер үшін процедураларды жеңілдетуі тиіс ережелерге өзгерістер енгізуге бастамашы болмақ.

Алматыда 1600-ге жуық заңсыз дүңгіршек анықталды

Сонымен қатар қалада стационарлық емес сауда нысандарын демонтаждау жұмыстары жалғасып жатыр. Мониторинг нәтижесінде 1595 заңсыз нысан анықталған.

Олардың ішінде 509-ы мемлекеттік қор жерлерінде, 210-ы нысаналы мақсаты бұзыла отырып жеке учаскелерде орналасқан, тағы 876-сы бекітілген дизайн-код талаптарына сәйкес келмейді.

Биліктің бағалауынша, мұндай нысандар жаяу жүргіншілерге кедергі келтіреді, қаланың архитектуралық келбетін бұзады және тұрғындардың шағымын тудырады.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды заңсыз нысандарды жою жұмыстарын күшейтуді және демонтаж қарқынын жеделдетуді тапсырған. Ол аудан әкімдеріне заңбұзушылықтарды күнделікті анықтау қажеттігін атап өтті, өйткені жыл басынан бері небәрі 157 нысан сүрілген, бұл көрсеткішті ол төмен деп бағалады.

Оның айтуынша, заңсыз нысандарды электр қуаты мен су құбырынан ажыратып, олардың иелерін полициямен бірлесіп жауапкершілікке тарту керек.

Қазіргі уақытта Алматыда стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру үшін 142 орын бекітілген. Жыл соңына дейін олардың санын арттыру жоспарланған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus