Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандықтар мазаны алатын қоңыраулар мен автоқоңыраулардан қорғалмақ

Қазақстанда заңды тұлғалардан келетін қоңыраулар мен автоқоңырауларды реттеуді күшейту ұсынылып отыр. Мәжілісте телекоммуникация нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша түзетулерді талқылау барысында осы мәселе көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
13 мамырда депутаттар "Кейбір заңнамалық актілерге телекоммуникация нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов автоматты түрде қоңырау шалу мәселесіне назар аударды. Оның айтуынша, мұндай қоңыраулар жиі мазаны алады, сондықтан депутаттар бұған дейін де оған тыйым салуды ұсынған болатын.

"Бүгінде автодозвон арқылы азаматтарымызды мазалау кәдімгідей үлкен проблемаға айналды, оны жақсы білеміз. Осыған байланысты бұл автодозвонға тыйым салу бойынша норма неге министрлік бүгін қолдамай отыр? Бұйрық деңгейінде шешеміз деп еді, бірақ бірнеше ай өтті, бұйрық деңгейінде де бұл мәселе әлі шешімін таппады", - деді Аймағамбетов.

Ол сондай-ақ мобильді байланыс нарығындағы бәсекелестік және жаңа операторларды жіберу мәселесін көтерді.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев автоматты түрде қоңырау шалуға қатысты ұсыныс қаралатынын айтты.

"Автодозвонға қатысты ұсынысты қарастырамыз, егжей-тегжейді талқылаймыз", - деді Мәдиев.

Талқылау барысында депутаттар операторлардан келетін акциялар, тарифтер мен шарттардың өзгеруі туралы ұсыныстарға да назар аударды. Олардың айтуынша, адамдарға кім хабарласып тұрғанын - нағыз оператор ма, әлде алаяқтар ма, түсіну қиын.
Мәдиев заң жобасы аясында заңды тұлғалардан келетін қоңырауларды таңбалауды енгізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

"Осы заң жобасы аясында бізде таңбалау болады. Барлық заңды тұлғаның нөмірлер тізілімі және верификацияланған нөмірлері болады. Біз белгілі бір смартфонға қай компаниядан қоңырау түсіп жатқанын көре аламыз", - деді министр.

Ол сондай-ақ теңгерім нөлге тең болған жағдайда да қазақстандықтарға әлеуметтік маңызы бар цифрлық сервистерге қолжетімділік беру жоспарланып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар ақпараттық жүйелерді әзірлеу кезінде мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері ескеріледі.
Мән-жайы
Қазақстанда белгісіз нөмірлерден келетін қоңыраулар тақырыбы телефон алаяқтығының көбеюіне байланысты жиі көтеріліп тұрады. Бұған дейін біз "несие мақұлданғаны" туралы күдікті қоңыраулар туралы жазған болатынбыз. Мұндай қоңыраудан кейін алаяқтар ІІМ атынан хабарласып, адамды ақша аударуға көндіруі мүмкін.
Сондай-ақ 2023 жылы ұялы байланыс операторлары бөтен нөмірлерден жасалған 43,5 миллион халықаралық қоңырауды бұғаттағаны хабарланды. Бұл шара қаржы пирамидалары мен алаяқтық схемаларға қарсы іс-қимыл жұмыстарының бір бөлігі ретінде аталды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus