Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда жаңа ведомство пайда болды

Қазақстанда Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құрылымына кіреді.
Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері 2026 жылғы 18 сәуірден бастап Комитетке заң жүзінде жаңа функция - мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірлеуді қоса алғанда, болжау-талдау қызметі бекітілді.

"Орталық талдауы алаяқтық қоңыраулардың басым бөлігі мессенджерлер, ең алдымен WhatsApp арқылы жасалатынын көрсетті. Бұл қылмыскерлер белсенділігінің дәстүрлі телекоммуникациялық инфрақұрылым шегінен тыс жерге ауысқанын білдіреді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Орталық 18 жаңа киберқатерді анықтады, оның ішінде шетелдегі қылмыскерлердің байланыс операторларын айналып өтіп, хабарламаларды жаппай таратуға арналған құрылғылар - SMS-бластерлерді пайдалануы, сондай-ақ, фишинг таратылымдар, дипфейк-технологиялар, ауыстырылған нөмірлер мен тіркелмеген SIM-карталар қолданылатын схемалар бар.
Бас прокурор Берік Асылов отырыс барысында халық арасында киберқылмыскерлердің жаңа схемалары туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ, қаржы ұйымдарының, байланыс операторлары мен онлайн-платформалардың клиенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша дер кезінде шаралар қабылдау үшін жауапкершілігін арттыру қажеттін атап өтті.
ІІМ бұған дейін қылмыскерлердің заманауи технологияларды белсенді қолданатынын хабарлаған болатын. Олардың ішінде телефон нөмірлерін ауыстыру және дауысты өзгерту әдістері бар, бұл оларға сенімді көрінуге және азаматтардың қырағылығын төмендетуге мүмкіндік береді.
ІІМ ұсынымдары
Ведомство банк қызметкерлері мен мемлекеттік орган өкілдері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейтінін баса айтты.
Қазақстандықтарға бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамауға, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және күдік туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес беріледі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus