Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бибісара Асаубаева Кипрдегі тарихи жетістігі үшін қанша табыс тапты?

Шахматтан қазақстандық әлем чемпионы Бибісара Асаубаева үміткерлер турнирінде екінші орын иеленіп, шамамен 25 миллион теңге табыс тапты, деп хабарлайды Tengri Sport.
22 жастағы қазақстандық шахматшы мұндай деңгейдегі додаға қатысып, екінші орынға табан тіреген ел тарихындағы алғашқы өкіл атанды. Бибісара соңғы турға дейін бас жүлде үшін таласып, көшбасшы - үндістандық Вайшали Рамешбабудан небәрі жарты ұпайға қалып қойды.
Бибісара Асаубаева жылдың басты турниріндегі күміс жүлдесі үшін қанша сыйақы алды?
Наурыз айының соңынан бері Кипрде өткен әйелдер арасындағы үміткерлер турнирінің регламенті бойынша, күміс жүлдегер 17 мың еуро иеленеді, сонымен қатар әрбір жинаған жарты ұпайы үшін ұтысына 2200 еуродан қосылып отырады.
Бибисара Асаубаева 8 ұпай жинады, яғни 17 мың еуроға қосымша тағы 35 мың 200 еуро табыс тапты. Осылайша, қазақстандық шахматшының жалпы ұтысы 52 мың 200 еуроны немесе 24 миллион 700 мың теңгені құраған.
Еске сала кетейік, үміткерлер турнирі - шахмат әлеміндегі ең беделді жарыс. Оған қазіргі әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньді есептемегенде, әлемнің ең мықты сегіз шахматшысы қатысады. Турнирдегі жеңіс қазіргі титул иегерімен шахмат тәжі үшін матч өткізуге мүмкіндік береді.
Турнир екі жылда бір рет өткізіледі. Оған жолдама алу үшін Әлем кубогында жүлделі орындардың бірін иелену, екі маусымның бірінде ФИДЕ Гран-приін жеңіп алу, "Үлкен швейцарка" турнирінде үздіктер қатарынан көріну немесе рейтинг бойынша жоғары сатыда болу қажет.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Bibisara Asaubayeva (@bibisarachess) жариялаған жазба


Бұған дейін Бибісара Асаубаева Tengri Sport басылымына берген сұхбатында турнирлерге дайындық шығындары туралы айтып берген.

Бибісара Асаубаева - блицтен шахмат бойынша үш дүркін әлем чемпионы. Қазақстандық шахматшы соңғы рет турнирді 2025 жылдың соңында жеңіп алды. Дәл осы жеңісінің арқасында ол маусымның басты додасына қатысушылардың қатарына енді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus