Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы әкімдігі феминистерге 8 наурызда митинг өткізуге рұқсат берді. Феминистер марш өткізуді қалаған

Алматы әкімдігі феминистерге 8 наурызда әйел құқығы үшін митинг өткізуге рұқсат берген. Бұл туралы Азаттыққа митинг ұйымдастыру комитеті хабарлады. Ұйымдастырушылар әкімдік "митингіге рұқсат бергенін феминистерге емес басылымдарға хабарлағанынан" наразы.


Бұған дейін феминистер әкімдікке 8 наурызда марш ұйымдастыруға өтініш тастаған. Бірақ жергілікті билік сол күні марш өтетін жер әкімдіктен тапсырыс алған "Еріктілер лигасына" берілді деп, маршқа рұқсат бермеген еді.


"Бізде таңдау аз болды" дейді митинг ұйымдастырушылардың бірі Фариза Оспан. Оның сөзінше, әкімдік "Сарыарқа" кинотеатры артындағы сквер мен Ганди ескерткіші орналасқан паркті ұсынған.


"Жағдайды саралай келе митингіні Гандиде өткіземіз деп айттық" дейді митинг ұйымдастырушылардың бірі Жанар Секербаева.


Секербаева бұған дейін әйелдер маршын өткізуге рұқсат бермеген әкімдіктің үстінен шағым түсірген еді. Ол әкімдіктің митинг өткізуге рұқсат бергені шағымға әсер етпейді дейді.


"Біз орталықтан кең орын бергенін қалаймыз. Мақсатымыз -  митингіні кең жерде өткізу және маршқа қол жеткізу" дейді Фариза Оспан.


Феминистер 23 ақпан рұқсат етілген пикет ұйымдастырып, әйелдердің 8 наурыздағы марш өткізу құқығын көтермек.


20 ақпанда феминистер маршқа рұқсат бермеген әкімдіктің үстінен сотқа шағымданған. Сот шағымды қабыл алған, бірақ оның қаралуына бірнеше апта кетуі мүмкін.




 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus