Кентау
Роман
I
Бұл 1945 жылдың көктемі. Совет Армиясы бар майданда жеңіске жетіп жатқан шақ. Жеңістің алтын күрегі соғуға жақын. Мұнымен бірге осы шақтың елге жетіп жатқан ең қатал өкімінің бірі қара қағаз. Қамбарбектің үйіне сол қағаз келіпті. Жаппарқұлдан қалған көнетоз қара шаңырақтың несі болар деп үміт еткен, жар тұтқан жалғыз ұл қан майданда ерлікпен қаза тауыпты. Міне бүгім үш күн бойы Хантағы шоқысының алқымдағы тауға жақын жатаған ғана кесек үйдің әбден ыстанған қожалақ-қожалақ қара мұржасынан түтін шықпай қалды. Өмірде қайыспастай көрінген қаншырдай қара әйел бүк түсті, ұзақ жолда нар жүгін көтерген боз інгендей кілт шөккен, оқыс қулаған. Оқтын-оқтын өксіп, ет...