Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Полиция Шымкенттегі атысқа байланысты үш күдікті ұсталғанын растады

Шымкенттегі "Грант Прада" мейрамханасында осыдан 11 күн бұрын болған атысқа қатысы бар делінген үш күдікті Алматы қаласында ұсталды. Бұл туралы 21 тамыз күні Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


Полицияның айтуынша, күдіктілер 12 тамызда ұсталған, 14 тамызда Шымкент соты күдіктілерді үш айға қамаған. Сот күдіктілер туралы ақпарат тергеу құпиясына байланысты жариялауға жатпайды деді.


Бұған дейін атыс кезінде бір адам қайтыс болып, біреуі жарақаттанғаны хабарланған еді. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің дерегінше, оқиға кезінде алған ауыр жарақатынан қалалық клиникалық аурухананың жан сақтау бөліміне түскен науқастың жағдайы қалыпқа түскен. Оған екі рет ота жасалған. Қазір нейрохирургия бөлімінде емделіп жатыр.


Полицияның мәліметінше, оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" және "Қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау" бабымен іс қозғалған. Үш күдікті Алматы қаласында ұсталып, Шымкентке жеткізілген. 


Шымкент орталығындағы мейрамханалардың бірінде 11 күн бұрын болған атысқа нақты не себеп болғаны белгісіз. Полиция атысқа кімдер қатысқанын, олардың не үшін атысқанын, күдіктілер мен жәбірленушілердің кімдер екенін туралы ақпаратты тергеу құпиясына байланысты бере алмайтындарын айтады. Кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, екі қылмыстық топ төбелескен. Бірақ Шымкент полициясы бұл болжамды жоққа шығарған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus