Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Назарбаев мемлекеттен әлеуметтік көмек талап еткендерді сөкті

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде әлеуметтік қолдауды талап еткен қазақстандықтарды сынады.


"Маған бер, көп балам бар, жалақым аз, бер" деп ұрандайды. Ал бұрын қайда қарадың? Бұл сенің проблемаң емес пе, кезінде мемлекеттен кеңес сұраған жоқсың ғой. Егер мемлекет өз міндетін орындап, беріп жатса, "жоқ, аз, тағы бер" дейді. Қарай гөр", - деді Назарбаев 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен партия жиынында.


Назарбаев үкіметтен жәрдем беруді талап еткен мәлімдемелерге байланысты бұған дейін де пікір білдірген. Президент өкілетін мерзімінен бұрын доғармас бұрын, 7 наурызда Ақордада әйелдермен кездесу кезінде ол "бәрін үкімет береді" деп совет кезіндегідей отыра беруге болмайтынын айтқан.


"Қазір әркім өз табысын өзі пайдаланатын кезде неше бала болатынын, оны қалай асырау керек екенін, оқуы бар - соның бәрін ойлану керек" деген ол жолы Назарбаев.


Алайда екі аптадан соң (ол кезде әлі президент) Назарбаев мемлекет мұқтаж жандарға әрқашан жәрдемдесетінін айтып, "әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылар мемлекеттің қамқорлығын жақын арада сезінуі керек" деп мәлімдеген. Ол мұны әлеуметтік төлемдерді ұлғайту туралы заңдарды қайта қарар алдында айтқан. Үкімет әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту туралы шешімді елде көп балалы аналар наразылығы күшейіп келе жатқанда жариялаған.


Қазақстанда көп балалы аналар наразылығы ақпан айында Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында уақытша баспанада шыққан өрт салдарынан бір отбасындағы кәмелетке толмаған бес қыз бала мерт болғаннан кейін басталған. Қазақстанның бірқатар аймағында жүздеген әйел мемлекеттік жәрдемақыны ұлғайтуды, баспана мәселесін шешуді, көп балалы отбасыларға жеңілдіктер енгізуді талап еткен.


Билікке наразы көп балалы аналар талабы:




Наразылық күшейген соң билік мұқтаж жандарды қолдау шаралары қабылданатыны, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек көлемі ұлғайтылып, тұрмыс жағдайы төмен тұрғындардың кепілсіз алған тұтыну несие қарызы ішінара жойылатыны, арендалық баспана құрылысы басталатыны туралы мәлімдеген.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың мамыр айында Қазақстанда 860 мыңға адам (тұрғындардың 5 пайызға жуығы) атаулы әлеуметтік көмек алған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus