Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Белсенді Омар сотында адвокат судьяға төртінші мәрте сенімсіздік білдірді

21 тамызда Нұр-Сұлтандағы №2 Сарыарқа аудандық сотында "Жер тағдыры" қоғамдық ұйымның лидері Қайырлы Омардың үстінен қозғалған қылмыстық іс ары қарай жалғасты. Түске дейін созылған сот процесі істі қарап жатқан судья Эленора Атшыбаеваны ауыстыруды талап етумен аяқталды. Қайырлы Омардың адвокаты Данияр Ахтанов судья "істі айыптау бағытында бір жақты қарап отыр" деп санайтынын айтып, оны ауыстыруды талап етті. 


— Судья Атшыбаева негізсіз залда плакат ұстап отырғандарға "заң бұздың" дейді, бірақ қандай заң екенін түсіндірмеді. Судьяны ауыстырмайынша талап етуімді тоқтатпаймын. Оның кәсібилігіне, әділ шешім қабылдайтынына күмәнмен қараймын. Судья өзінің іске мүдделі екенін ашық және жанама түрде көрсетіп отыр, — деді адвокат.


Бұл — 26 наурыздан бері жалғасып келе жатқан белсенді ісіндегі судья Атшыбаеваға сенімсіздік білдіріп, оны ауыстыруды сұраған төртінші талап. Адвокат арызы қаралғанша залға жиналғандар жарты сағат бойы "Қайырлы Омарға бостандық!", "Прокурор ауыстырылсын!" деп айқайлап тұрды.


Үзілістен соң келген судья Ибрагим Әлкенов адвокат талабы "негізсіз болғандықтан қанағаттандырылмайтынын" айтты. Қолына Омардың суреті мен "Саяси тұтқындарға бостандық!" деген жазу бар плакат ұстап отырған залдағылар судья Әлкеновтің сөзін тыңдамай "Масқара!" деп айқайлай жөнелді. Судья сот шешімін тез оқып, залдан шығып кетті. Сот жалғасы қашан болатыны айылмады.


"Жер тағдыры" қоғамдық бірестігінің лидері Қайырлы Омар 2018 жылдың 5 шілдесінде қамалған. Оған қылмыстық кодекстің 189-бабындағы "сеніп тапсырылған "бөтеннің мүлкін талан-таражға салды" деген айып тағылып отыр.


59 жастағы белсенді Қайырлы Омар қамауға алынғанға дейін "Азат шаңырағы" жеке пәтер иелері кооперативінің төрағасы қызметін атқарған. Омарға қатысты қылмыстық іс ол басқарған кооператив үйлеріндегі пәтерлердің бірін жалдап тұрған Жанар Қозыбақованың полицияға "мен жөндеу жұмысы үшін төлеген 4000 теңгемнің қалай жұмсалғанын білгім келеді" деген арызынан соң қозғалған.


Қайырлы Омар өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Омар бұл айыптың "саяси астары бар" деп санайды. Белсенді 2016-2017 жылдары жерді шетелдіктерге беру мәселесінде билікке наразылық білдірген. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus