Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

"Алтын Ордадағы" жол айырығының құрылысы неге созылып кетті?

"ҚазАвтоЖол" Алматыдағы "Алтын Орда" базары маңындағы жол айырығының құрылысы неге созылып кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Компанияның мәлімдеуі бойынша, олар базар мен автожанармай бекетінің басшыларымен өтемақы сомасы бойынша келісе алмаған. Бұл іс қазір сотта қаралып жатыр. Алматы маңындағы жол айырықтың құрылысы 2017 жылдың соңында басталған. Жобалаушылар осы арқылы "Алтын Орда" базарының маңындағы қозғалысты азайтуды көздеген. Алайда екі жыл өтсе де, жүргізушілер өзгеріс көре алмай отыр. Жолда автокөлік кептелісі артқан. Автокөлік жүргізушілерінің сөзінше, күздің келуімен жағдай одан да нашарлай түседі. 
Төрт шақырым аумақты қалпына келтіру жұмыстары жеке базарлардың кесірінен тоқтап қалған. Базар басшылары қосымша кіріп-шығу жолын салуды сұрап отыр. Ал автожанармай бекетінің басшыларына өтемақы сомасы ұнамаған. Қазір олардың ісі сотта қаралып жатыр. "ҚазАвтоЖол" компаниясы жұмыстың бітпегенін, құрылыстың 60 пайызы аяқталғанын айтты. 

"Биыл Ақсай өзені мен Іргелі ауылына дейінгі аумақты ашамыз. Оны толық тас жолы қыламыз. Бұрылуға арналған эстаканы да биыл өткіземіз - мұның бәрі 2019 жылдың жоспары. Қыста негізгі эстакаданы аяқтаймыз, ал көктемде жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелі дайын болады", - деді "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаев. 
Алматы - Бішкек жолындағы айырықтың құрылысымен 200-ге жуық адам мен 50 арнайы техника жұмылдырылған. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus