Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп: Ресейді G7 құрамына қайтарған жөн

АҚШ президенті Дональд Трамп 20 тамызда өткен брифингте Ресейді "Үлкен жетілік" (G7) құрамына қайтару "орынды болады" деген пікір айтты. Әлемнің дамыған елдерін біріктіретін бұл топта АҚШ, Германия, Жапония, Италия, Канада, Ұлыбритания және Франция бар. Бұрын G7 құрамында болған Ресей 2014 жылы Қырым түбегін аннексиялағаннан кейін оның бұл топқа мүшелігі тоқтатылған.


"Менің ойымша, бұл "Үлкен сегіздік" болғаны жөн, өйткені біз талқылайтын мәселелердің көбі Ресейге де қатысты" деген Трамп.


Трамп Ресейді топ қатарына қайтару қажеттігі туралы бұған дейін де бірнеше рет айтқан. 2018 жылы Канадада "үлкен жетілік" саммиті өтер алдында Мәскеуге жиынға қатысу туралы ұсыныс жасаған. Ол кезде Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің басқа форматтағы кездесулерге ықыласты екенін мәлімдеген. Алайда арада екі күн өткенде Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу бұл жиынды Ресейде өткізуге әзір екенін айтқан болатын. АҚШ-тың белгілі саясаткерлері Трамптың ұсынысын сынаған. Германия канцлері Ангела Меркель Кремль Украинаның шығысындағы дағдарысты реттеуге қатысты міндеттемелерін орындамағандықтан Ресейді саммит қатарына қайта қабылдауға әлі ерте деп мәлімдеген.




Әлемде экономикасы мен қаржы көлемі бойынша алдыңғы орындарда болмаса да Ресей 1997 жылы G7 тобына сол кездегі АҚШ президенті Билл Клинтон мен Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэрдің ұсынысы бойынша қабылданған. Мұндай ұсыныс Ресейді демократиялық институттар мен нарық экономикасын дамытуға ынталандыру мақсатында жасалған. Ал 2014 жылы Мәскеудің Қырымды аннексиялап алуына байланысты Батыс елдері алғашқы санкциялардың бірі ретінде Ресейдің G8 тобына мүшелігін тоқтатуды ұйғарған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus