Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Назарбаевтың Металлург күнімен құттықтаған хабарламасы жарияланды

Қазақстандық ресми басылымдар жексенбі, 21 шілдеде елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық металлургтарды кәсіби мерекесімен құттықтаған хабарламасын жариялады. Хабарлама мәтіні бірінші президенттің ресми сайты elbasy.kz-те сол күні жарық көрді.


Құттықтау хабарламасында президент кезінде өзіне "маңызды өмірлік тәжірибе берген, қайратын шыңдаған және сенімді достар табуға септігін тигізген" металлург кәсібін таңдағанын "мақтан ететінін" жазған. Металлургтер мен осы сала ардагерлеріне арналған телеграмма "зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, туған-туысқандарыңызға бақ-береке тілеймін" деп аяқталады. 


Бұл - 6 шілдеден бергі бірінші президенттің ресми сайты жариялаған алғашқы хабарлама. Оның алдында 29 маусымда Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратына барып, партия төрағасының бірінші орынбасарын таныстырғаны жайлы хабарлама шыққан еді. Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары соңғы уақытта бірінші президенттің көрінбей кеткенін жазған. 


Бұрынғы металлург, коммунистік партиясының өкілі Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан билігіне совет одағы тарамай жатып келген және елді 30 жылға жуық басқарған. Биыл наурыз айында отставкаға кететінінін мәлімдеген кезде көп адамдар және бірқатар сарапшылар мұны "күтпеген оқиға" ретінде бағалады. Президент қызметінен кеткеніне қарамастан билікте ықпалын сақтап қалды. Өкілеті жоғарылаған Қауіпсіздік қызметін басқаратын Назарбаев - "Нұр Отан" партиясының төрағасы. Жақында парламент спикері, үлкен қызы Дариға Назарбаева оған "құрметті сенатор" атағын берген.


6 шілде күні елде астана күні және бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қатар аталып өтіп жатқанда елдің ірі қалаларында наразылық шаралары өтті. 


Қазақстанда көктемнен бері билікке қарсы наразылық шаралары көбейген. Наразылар биліктен саяси жүйені өзгертуді, елді ұзақ жыл басқарған ескі кадрлардың саясаттан кетуін, әлеуметтік жағдайды жақсартуды, АЭС салмауды, азаматтардың конституциялық құқықтарының тапталмауын талап етті. Маусым айында елде кезектен тыс президент сайлауы өткен күні және одан кейінгі күндері наразы азаматтар сайлауға бойкот жариялап, кейбірі сайлаудың ресми қорытындысын заңсыз деп тануды талап етті. Мыңдаған адам қатысқан бейбіт митингілерде полиция жаппай адамдарды ұстап, кейбірі әкімшілік жазаға тартылды, кейбірінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жүздеген адам айыппұл салынып, қамалды. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus