Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мәскеудегі митингіде сайлауға тәуелсіз кандидаттарды жіберуді талап етті

20 шілдеде Мәскеу орталығындағы Сахаров даңғылында мемлекеттік дума сайлауына тіркеле алмаған тәуелсіз кандидаттарды қолдау акциясы өтті. Азаттықтың Орыс қызметі шарадан тікелей эфирде хабар таратты. 







"Белый счетчик" ұйымының дерегінше, шараға шамамен 22 мың адам қатысқан. Полиция дерегіне сүйенген жергілікті "Говорит Москва" радиостанциясы оған 12 мың адам келгенін хабарлады. Ақпарат бойынша, рұқсат етілген митингіде бес адам ұсталған. 


Акцияға қатысушылар тәуелсіз кандидаттарды Мәскеу қалалық думасы сайлауына жіберуді талап етті. Шарада сайлауға тіркеле алмаған кандидаттардың бірі оппозициялық саясаткер Алексей Навальный сөйледі. Ол билік бұл әрекетін әрі қарай да жалғастыра берсе, 27 шілдеде әкімдік алдында жаппай митингі өткізуді ұсынды. 


Бұған дейін ондаған оппозициялық және тәуелсіз кандидаттар саяси себеппен өздерін Мәскеу қалалық дума сайлауына жібермей отырғанына шағымданған еді. Олардың басым бөлігінің айтуынша, сайлау комиссиясы оларды қолдайтын азаматтардың қолын тіркеуден бас тартқан. 


Мәскеу қалалық сайлау комиссиясы сайлауға әлдекімердің заңсыз ықпал етуге тырысып жатқанын айтты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль жағдайға араласпайды деді. 



Мәскеу қалалық думасына сайлау 8 қыркүйекте өтеді. Бір мандаттық округ бойынша барлығы 45 депутат сайланады. Парламентке енбеген партияға мүше адамдар сайлауға қатысу үшін бірнеше мың сайлаушы қолын жинауы керек. 
Кейбір дерекке қарағанда, рейтингісі төмен болуына байланысты "Единая Россия" депутаттарын сайлауға ұсынбаған. Олар өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде сайлауға қатыспақ.
Сайлауға тіркеле алмаған тәуелсіз кандидаттар арасында мәскеулік депутаттар Илья Яшин, Юлия Галямина, Жемқорлықпен күрес қорының өкілі Любовь Соболь, Иван Жданов, саясаткерлер Дмитрий Гудков, Сергей Митрохин бар.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus