Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Адвокаты Гүлнара Каримованың ауруханаға түскенін хабарлады

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримованың Ташкент түбіндегі түрмеден ауруханаға түскені хабарланды. Бұл туралы жабық дерек көзіне сілтеме жасаған оның швейцариялық адвокаты Грегуар Манжа Twitter әлеуметтік желісінде жазба жариялады.


Адвокаттың сөзінше, 10 жылға сотталған Каримовамен жүздесу туралы түсірген өтінішін Өзбекстан билігі орындамай отыр. Манжа кездесу күтіп отырған кезінде түрме қақпасынан екі жедел жәрдем көлігі шығып кеткенін айтты. Сәл кешірек заңгер дерек көзіне сүйеніп, көліктердің бірінде Каримова болғанын мәлімдеді.




Бұған дейін "Каримованың денсаулығы нашарлап кетті" деген хабар тараған. Шілде айында Өзбекстанның әділет министрлігі бұрынғы президенттің қызымен кездескен туыстарының түрмедегі медициналық қызмет сапасына қатысты шағымданбағанын мәлімдеп, оның не дертке ұшырағанын ашып айтпаған.


2015 жылғы тамыз айында Ташкент соты Каримованы салық төлеуден жалтарды және мемлекет қаржысын талан-таржыға салды деген айыппен бес жылға соттаған. Кейінірек Каримованың үстінен экономикалық қылмыс пен жемқорлық айыбы бойынша жеке іс қозғалып, әкесі өлген соң 2017 жылғы желтоқсанда 10 жылға бас бостандығынан айырылған.


Қамалмай тұрып Гүлнара Каримова Өзбекстандағы ықпалды саясаткерлердің бірі саналған және әкесінің мұрагері ретінде сипатталған. Биылғы наурызда АҚШ-тағы Нью-Йорк прокуратурасының Каримоваға "865 миллион АҚШ долларын заңсыз жолмен жылыстатып, пара алды" деп айып тағып отырғаны белгілі болды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus