Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Орал соты Сириядан оралған 19 жастағы азаматты сегіз жылға түрмеге кесті

20 маусым күні Орал қалалық соты биыл қаңтарда Сирияда абақтыдан босап шығып, Қазақстанға оралған 19 жастағы Абай Хамзулиновке үкім шығарды. Сот оны террористiк топтың әрекетіне қатысу бабымен кінәлі деп тауып, 8 жыл түрмеге кесті. Бұл туралы «Уральская неделя» газеті хабарлады.


Тергеу мәліметіне қарағанда, Хамзулинов өздерін Ислам мемлекеті деп атайтын әсіреисламшыл радикалдар тобының қызметіне қатысқан. Басылымның жазуынша, сотталған азамат Қазақстанға жеткен бойда уақытша ұстау абақтысына қамалып, үстінен террористiк топтың әрекетіне қатысу бабымен іс қозғалған.


Судья Найля Жүнісова «Хамзулинов жазасын жалпы режимдегі түрмеде өтейді. Бұл – осы баптағы ең жеңіл жаза» деді. «19 жастағы жігітке осындай үкім кесуді жарыссөз кезінде прокурор да сұрап еді» деп жазады «Уральская неделя».  


Басылым сотталған азаматтың туыстары сот үкімімен келіспегендерін жазады. Туыстары Хамзулиновке Қылмыстық кодекстің Террористік немесе экстремистік даярлықтан өту бабымен жаза кесуді сұраған. Хамзулиновтің әпкесі Сәуле Курьян «Абай ешбір терактіні ұйымдастыруға қатыспады. Тергеу мәліметтерінде оның Сириядағы әскери лагерьде болғаны ғана айтылады. Оны лагерьге баруға мәжбүрледі. Оның дайындықтан өткені рас, бірақ Абай терактілерге қатыспады» дейді.


Сотталған азаматтың туыстары сот шешіміне апелляциялық шағым түсірмек.      


Газет «Хамзулиновті ата-анасы Түркияға 15 жасында әкеткен. Олардың Сирияға кетуіне әкесінің діни көзқарасы себеп болды. Хамзулиновтің әкесі жұбайы мен қызын Түркияда қалдырып, ұлымен бірге Сирия шекарасына өткен. 16 жасқа толғанда Абайды балаларға арналған әскери даярлық лагеріне әкетеді. Бір жылдан соң Абай ол жерден қашып, күрдтердің қолына түскен» деп жазады.       


Қазір Хамзулиновтің отбасы мүшелері түгел Қазақстанда тұрады. Қамауда отырған әкесінің үстінен терроризм мен экстремизм бабы бойынша іс қозғалған.




Үш кезеңмен жүргізілген «Жусан» операциясы барысында Сириядан Қазақстанға 516 адам жеткізілген, олардың 360-ы - бала. Бұған дейін билік елге жаңадан оралғандардың біраз уақыт оңалту орталығында болатынын хабарлаған. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сириядан оралған 20 қазақстандық террорлық іс-әрекеттерге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеген. 


Ресми дерек бойынша, Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткен.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus