Сот Маралдыдағы фабрикаға қарсылық білдірген тұрғынды 6 күнге қамады
7 мамырда Өскемен қаласының соты Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылындағы алтын өндіретін фабриканың жұмысына наразылық білдірген Өскемен тұрғыны Тоқтасын Нәбиевті 6 күн әкімшілік қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Бұл жөнінде бейсенбіде Азаттыққа белсенді Талғат Исин хабарлады. – Ауылымыздың тумасы алтын фабрикасының жарылыстары қауіпті деген пікірі үшін ұсталды. Жергілікті халық жарылғыш заттар ауыл көшелерімен тасылатын болса қауіпті ғой деп алаңдайды. Былтыр Өскемен – Самар тасжолында жарылғыш зат тасыған жүк көлігі жарылып кетті. Читать дальше...