Айнуддин Муради: «Ауған қазағы атамекенге қайтқысы келеді»
Ауғанстанның Құндыз уәлаяты Имам-Сахиб ауданында туып-өскен Айнуддин Муради былтыр күзде Қарағанды политехникалық университетінің дайындық курсына түскен. Айнуддин Азаттыққа берген сұхбатында Ауғанстандағы қазақтардың атамекенге оралғысы келетінін айтты.